«Атасының басына барды ма Олимпиадаға?»дейді журналист
Танымал журналист Нәзия Жоямергенқызы спортшыны аямай сынап, жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz.
«Іркілдеген май, дүңкиіп алып… Түк күресе алмады, былжырап қалған тағы. Ресейден 10 жыл бұрын келген, түк жетістігі жоқ екен.
Атасының басына барды ма Олимпиадаға?! Кім шешім қабылдаған? Мынаған неге шығын шығардық?
Қазақстанның атынан тек мықтылар баруы тиіс! Бүкіл ел үміт артып отырған Олимпиадада Ұлттық құрама абыройды айрандай төкті.
Күштілер қайда?! Неге апармайды соларды? Бапкерлер қайда мықты?
Көпшілігі қораларында жастарды тәрбиелеп жүр дейді. Неге??? Ұлттық құраманың спортшыларын кім бекітті? Отставкаға кетсін Бас бапкерден бастап!» деп жазды журналист Facebook парақшасында.
Фото автордың парақшасынан алынды.