«Мектепте діни киім киюге тыйым салынсын» петициясы жарияланды

0
1553

Құрметті достарым! «Білім туралы» Заңға толықтырулар енгізу үшін! »  (орысшасы — «За внесение дополнении в закон «Об образовании» ) атты петиция модерациядан өтті” деп жазады Әл-Фараби Болатжан өзінің Facebook парақшасында.

«Қысқаша айтқанда петиция мәні келесіде. Еліміз зайырлы екені бәріне мәлім. Бұл қағида мемлекеттік білім беру мекемелеріне да қатысты.

Сәйкесінше елімізде мектеп формасына қатысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы бар, ол құжатта мектепте діни киім киюге тыйым салынған екені белгіленіп кеткен. Өз кезегінде ҚР «Білім туралы» заңы ата-ана мен оқушыларды білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндеттейді.

Алайда біздің елімізде бәлеқорланып, діни киімге қойылған тыйымдар заңсыз, себебі тыйым тек Министрдің бұйрығынан шығады дейді. Бұйрық болса Заң емес, тек заңнан туындаған акт, ал Конституция бойынша құқықтар мен бостандықтарды тек заң ғана шектей алады дейді.

«Білім туралы» Заңның өзі білім беру саласындағы уәкілетті органға бағынуды талап ететінін түсіндірсең, олар бұған пысқырмайды да. Соның салдарынан кейбір ата-аналар жыл сайын өз балаларын мектепке діни киімде қасақана жіберіп, мектеп әкімшіліктерімен соттасады. Ата-аналарды арнайы заңгерлер айдап салады. Олардың әрекеті асылында мемлекеттегі жағдайды тұрақсындандыру болып табылады.

Мұндай пікір білдірудегі жөнсіздік пен хаосты көрген соң, мен мектептердегі діни киімге қатысты тыйымды тікелей “Білім туралы” Заңның мәтініне енгізу керек деген шешімге келдім.

 Бұндай жағдайда бұл тыйымның заңдылығына қатысты еш дау туындамайтын болады, әрі кейбір ата-аналар өз балаларын мектеп пен зайырлы билікке қысым жасау құралы ретінде қолданбайтын болады, себебі оларда бұған деген ешқандай заңды негіз болмайтын болады!

Деструктивті діни ағымдардың озбырлығы мектептерімізге кері әсерін тигізуде. Ал балаларымыз болса біздің болашағымыз емес пе?!” деген Әл-Фараби Болатжан бастаманы қолдаушы ағайынның төмендегі сілтемеге өтіп, қол қоюға шақырады.

https://epetition.kz/…/3b7947d7-e335-46d6-b821…

10 жұмыс күні ішінде 50 қол жинау керек, сонда петиция келесі кезеңге өтеді. Келесі кезеңде 6 айда 50 000 қол жинау керек болады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.