Мешітке шабуыл жасады

0
95

Түркияда Эскишехир Тепебаши мешітінде теракт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberturk сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мешітке пышақ пен балтамен қаруланған, қара киінген ер адам басып кірген. Оның киімінде ұлтшыл “Мертвая голова» танктік дивизиясының белгілері болған. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар.

Лаңкес шайханада отырған бес адамды пышақтап кеткен екен. Полиция патрулі жақын жерде болып, оны дереу ұстады. Анықталғандай, шабуылдан кейін лаңкес қашып кетпек болған, бірақ тәртіп сақшылары оны тез арада қолға түсірген.

Зардап шеккен бес адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Алайда олардың екеуі ауыр халде. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін күресіп жатыр.

Мешітке жасалған шабуылға компьютер ойынындағы жанжал себеп болды деген де нұсқа бар, алайда бұл ақпаратты әзірге ешкім растаған жоқ.

Фото көрнекілік үшін алынды.