Ешқандай ас, жаназаға бармайтын имам

0
314

Quyla media арнасына сұхбат берген имам Ерсін Әміре өзі туралы тағы бір қызықты деректі айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Бүкіл имам-молда біткен жаназа, ас, неке қию секілді дүниелермен ақша табатыны баршаға мәлім. Алайда Ерсін Әміре осынша жылдық имамдық жұмысында жаназа, ас дегендерге бармайтынын жеткізді.

«Өмірімде 4-5 рет қана жаназаға қатысыппын. Оның өзінде де  азаматтар өтінішімен жаназа шығарған екенмін. Көбінесе сабақ беру жағында жүрдім»,- дейді Ерсін Әміре.

Фото интернеттен алынды.