«Мені алған жігітте арман жоқ» дейді блогер қыз
Әлеуметтік желіде mika.01 атымен тіркелген қыз өзінің бағасы қымбат екенін айтады деп жазады Democrat.kz.
«Мен махрға кемінде 3 бөлмелі пәтер сұраймын. Өйткені мен соған лайықпын. 3 бөлмелі пәтер Алматы, Астананың қымбат ауданынан болуы керек. Мені алған жігітте арман жоқ. Маған әперген 3 бөлмелі пәтерді мен 2-3 айда өтеп тастауым мүмкін. Табысым да жаман емес, айына 5 млн табам. Маған 3 бөлмелі пәтер әпере алмаса, жігіттер жазбай-ақ қойсын», — дейді әлеуметтік желі қолданушы.