Хиджабтағы қылмыскер қыз кім?

0
483

Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, “ қыз өз өлімімен өлген” деген қортынды берген еді.

Алайда жақында тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен.

Сарығаштағы алдыңғы “көршісі зорлады деген бес жасар қыздың өлімін де, қайта тергеуді талап етемін.

Себебі ол қыздың да өлімі маған күдік тудырады.

Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер дәлелдейді!

Яғни біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз!

Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк, өз қылмысын арқарай жасай береді.

Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер!

Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, саған кімдер тапсырма берді деп, жақсылап тергеуді талап етемін!!!

Айгүл ОРЫНБЕК, заңгер.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.