Ресейде жанартау атқылады

0
221

Камчаткада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 балға дейін сезілді.

Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр. Күшті жер сілкінісінің салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жанартаутану және сейсмология институтының мәліметінше, Шивелуч жанартауынан теңіз деңгейінен 9 шақырым биіктікке күл атқылады. Күл түріндегі бұлт жолдарды жауып қалды.

Авиация үшін қызыл код жарияланды. Әзірге жақын маңда үшу қауіпті.

Фото интернеттен алынды.