«Органдарымды сатуға рұқсат беріңізші!» дейді
ТикТок әлеуметтік желісінде мемлекет басшысы Тоқаевтың атына үндеу жолдаған азамат өз органдарын сатқысы келетінін айтты деп жазады Democrat.kz.
«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, елімізде өз органдарын сатуға заңмен тыйым салынған. Мен өз органдарымды сатқым келеді. Бес балам бар. Баспанасыз қалмау үшін бүйрегімді, өкпе-бауырымның жартысын сатқым келеді. Органдарымды сатып, баспанамды банктен құтқарып қалғым келеді»,- деген азамат президенттен жәрдем сұрады.
Фото интернеттен алынды.