«Еврейлердің айтқаны келді» дейді Ғалымжан Құрманбек (ВИДЕО)
«Қазақтың батырлары дін үшін соғысты» деп халыққа «танымал» болған әзілкеш Ғалымжан Құрманбек бір сұхбатында блогерлерге қатты шүйліккен екен деп жазады Democrat.kz.
Сұхбатта қолына ұялы телефонды алып, көрсетіп: «Міне, еврейлердің айтқаны келді. Сен даладан бәрін қорғам жүрмін, қамқор болып жүрмін дегенде, мынау (телефон) үйіңнің ішіне кіріп кетті. Мынадан үйіңде отырған қатынға не пайда бар? Ол бір блогер болса екен. Блогердің өзі дұрыс пайдалана алмайды. Сол блогерлердің өзін мемлекет қадағалап отыру керек»,- деген әзілкеш ер мен әйелдің арасындағы құпияларды жариялап отыр деп блогерлерге шүйлікті.
«Ұятсыз, бетсіз, тексіздер! Сен соны айтпасаң, тығатын жерін білмей қала ма сол бала? Жыныстық қатынасты айтатындай сен кімсің? Сондайлардың кесірінен дінге тіл тиіп жатыр. Дінде ешқандай мін жоқ»,- деген Ғ.Құрманбек «проблеманың бәрі «мұсылманмын» деп дінді дұрыс ұстай алмай жүрген тексіздерде» екенін айтады.
Фото интернеттен алынды.