Жастар Қазақстаннан неге қашады?

0
291

Балам жазғы каникулға Португалиядан Қазақстанға келеді. Елін жерін сағынғаны бар. Футболдан бір қызық турнирге тап боламыз (фотода бәрі тұр): номинацияларға, жүлделі орындарға ақшалай сыйлық.

Баламда маңдай термен ақша тауып жүрген. Құланның қасуына мылтықтың басуы дөп келді де турнирге «туын» көтеріп шығып, шаңын шығарады. Сол баяғы қалмаған әдет бойынша қарсылас командалардың бәрі жасы үлкен балалар әкелген.

Білетіндер біледі, бұл футбол ережесіндегі ең ауыр «қылмыс». Мейлі оған да қарамай, балам комбайн сияқты орып, соқа сияқты жыртып шығады. Жартылай финалда кіл ірі денелі үлкен балаларға тап болды. Ұйымдастырушыларға бұның үлкен қылмыс екені айтылды. Олардың қыртына ештеңе кірмеді.

Олар әйтеуір тезірек бітсе екен деп тұр. Төрешілер де не тірі емес не өлік емес тұр. Мейлі олардан ұтылып, басқа да үлкен балаларды жеңіп, 3-орын алады. Осы фейсбукте білетіндер бар, балам Португалияда командасын сүйреп жүрген бала ғой.

Қазақстанда оған шешімке шаққандай әсер қалдырды. И, номинацияларға келгенде кіл ойнай алмайтын балалар алып кетеді ғой. Балам жылағысы келді. Бірақ таң қалдым, жыламады. Терең күрсінді. Күні бойы селқос, тірі өлік сияқты болып қалды. Амал жоқ аяғын басады. Әлі терең ойда. Мен еш көмектесе алар емеспін.

Әрине футбол мәдениеті жағынан ең жоғары мәдениет қалыптастырған Португалиядағы турнирлермен қаласақ та қаламасақ та салыстырып тұр. Бір біріне қарама қайшы ектүрлі әлемді көрді.

Оған бір екі ғана мәселелер ғана емес бүкіл жағдай әсер етті деп ойлаймын: әділетсіздік, адамдардың малдық түсінігі, айналада адамдар өліп жатыр ма бәрібір, шындық үшін ешкімнің жаны ауырмауы, айналаны лас ұстауы, бәріне барлық мәселеде бәрібір селқос, мұңсыздық, тб.

Мен байғұс бұл қазақты білемін ғой, ашаршылық кезінде бір бірінің етін ғана емес өз туған баласын жегенін, Голощекин елді аралауға келгенде, әне міне өледі ау деген адамдардың өзі «бізде бәрі жақсы» дей бергенін.

Айналада адамдар қырылып жатыр ма, пофиг болғанын. Бірақ мен бұларды балама түсіндіре алмайды екенмін. Арабтарың жалғыз мұнаймен шалқып отырғаны, ал бізде Менделев таблицасындағы бүкіл байлық болса да кедей аш жалаңаш отырғанымыз да осы мұңсыздығымыздан ғой.

Балам Қазақстанға келгелі өте көп сұрақтар қойып, таң қалып жүрді жүрді, бірақ кеше жарылды. Бірақ іштей жарылды. Нағыз ер адамға тән терең үнсіздікке кетті.

Ештеңе сөйлемейді. Түні бойы қиналып шықты. Енді мен бұдан кейін оған «Қазақстан ұлттық құрамасына ойнайсың» деп қалай айта аламын. Сөзімнің өтпейтінін білемін.

Жұрттар тек жаман ойлайтынын білемін, бірақ мынадай шындық бар: баламды қазір Реал Мадрид академиясына алуы мүмкін, бірақ Қазақстанның сонау түкпіріндегі қирап қалған клуб алмайтыны анық…

Тотальная коррупция, тотальный азғындық.

Балалар өлімі, суицид, буллинг, балалар кедейшілігі/детский бедность, балаларға көрсетілген зорлық зомбылық, тб барлық жағынан Қазақстан әлемде алдыңғы орынға шығыпты. Содан болар, барлығының айтатыны «ойбай Қазақстанға келмеңдер, тезірек кетіңдер» дейді.

Оны естіп жүрген балаларым, бізді Қазақстаннан неге қуып жатыр деп ойлап қалады. Балалардың көзінше өтіріктен қарсылық білдіремін (себебі біздегі ситуация басқаша, балалар елін сағынып келген, тб дегендей). Сөйтсем олар да қоймайды «қызың мектепте зорланып жатса, ұлың суицид жасағанда ғана түсінесің» дейді… Миың дыңңңңң

Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, спорт журналисті.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.