Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты

0
111

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен қоштасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бес жылға созылған жемісті қарым-қатынастан кейін біз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оның корттағы жұмысына ризамын және оған барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін бәріңізге алғыс айтамын», — деп жазды stories-те Рыбакина.

Фото интернеттен алынды.