Мешіттен шыққан азан даусы мазаңызды алса…

0
540

Белгілі бір уақыттарда қатты дауыстармен өзгелердің мазасын алуға болмайды. Бұл туралы арнайы заң да бар деп жазады Democrat.kz.

Егер заңда көрсетілген уақыттарда сіздің тынышыңызды бұзып, қатты дауыспен мазаңызды алса, бірден полиция шақыруыңызға болады. Бұл туралы Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілі арнайы мәлімдеді.

«Күндіз және түнгі уақыттарда тыныштықты сақтау туралы арнайы нормалар бар. Күндізгі уақытта — 55 децибел, ал түнде — 44 децибел дәрежесінде дыбыс шығаруға рұқсат етілген. Заңға сәйкес, егер Алматы тұрғынын мешіттегі таң намазы және түнгі дұға дауысы мазасын алса, полиция шақыруға құқығы бар. Полиция азаматтардың тыныштығын бұзған дауыс үшін әкімшілік жаза қолданады», — дейді орталық қызметкері Қиқымов Нұрлан.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@rskalmaty02

Во многих мечетях города во время утренних и ночных молитв идут усиленные звуки азана. Это, в свою очередь, мешает отдыху многих горожан независимо от вероисповедания и национальности. Какие меры принимаются по этой ситуации?

♬ оригинальный звук — РСК/ӨКҚ ✅