Діни сенімін тықпалаған еркек қамауға алынды

0
329

Дін жолында жүрген азамат әлеуметтік желіде арандату сөзін жазып, қамауға алынды деп хабарлайды Democrat.kz.

Facebook әлеуметтік желісінде «30 жастағы қатынға емес, 9 жасар пәк қызға үйленген дұрыс» деп жазба қалдырған өзбекстандық Абдурозикханды полиция тұтқындап, қамауға алған.

Дінге беріліп кеткен Абдурозикхан бұған дейін де түрлі әлеуметтік желілерде өз діни сенімін өзгелерге тықпалап, ненің адал, ненің арам екенін айтып, жұрттың құтын қашырған.

Түсініктеме видеосында «9 жасар қыз алғыш» Абдурозикхан ол сөздерді эмоцияға беріліп кетіп жазғанын айтып, ақталған. Діншіл жігіт нақты қандай эмоцияға беріліп кеткенін ашып айтпаған.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.