Нағыз дінсіз деп кімді айтамыз?

0
962

ТикТок әлеуметтік желісінде орысша уағыз айтқан келесі уағызшы қандай кісінің дінсіз екенін айтып берді деп жазады Democrat.kz.

“Егер адам намаз оқымаса, ол дінсіз болады. Өйткені пайғамбарымыз “намаз – діннің негізі” екенін айтқан. Намаз оқымаған, намазын қаза еткен кісі – дінін сыйламаған болып табылады. Ораза бәрімізге парыз емес. Мысалы, науқас, жолаушы кісі ұстамаса болады. Зекет- негізінен байлар үшін парыз. Қажылыққа екінің бірі бара алмауы мүмкін. Ал намаз ауруға да, жолаушыға да, кедей-байға да бәрімізге парыз. Ауырсаң да, жолда жүрсең де, кедей болсаң да – намаз оқуға міндеттісің”, – дейді өзге тілді уағызшы.

Фото видеодан скринделіп алынды.