«Жайнамазда шайтан бейнеленген» дейді намазхан қыз

0
1113

ТикТок әлеуметтік желісінде Kanifa атымен тіркелген намазхан қыз қорқынышымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«Намаз оқып болып, көзім түсіп кетті. Қараңызшы, мына бейне күшікке ұқсайды. Енді мынаны қарасаңыз, көзі бар, түсініксіз сұмдық бейне тұр. Не сұмдық мынау? Шайтан ба?»,- деген намазхан қыз видеода бірнеше бейнені көрсетті.

Видео астында жазылған пікірлерде «иә, қазір осындай жайнамазда ібілістің суреттері бар», «қытайлар әдейі осылай байқатпай салып жіберген», «масқара, сонда шайтанға сәжде жасаған боламыз ба?» дескендер құдайдан кешірім сұрап, үрейлері ұшуда.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@_kanifa

⁉️ Жайнамаз қонаққа барған үйдікі, менікі емесс 🙌🏻

♬ оригинальный звук — _khaniFa