«Неге бар кінәні мұғалім мен директордан іздейміз?» дейді министр

0
1417

«Мұғалімнің жұмысы қиын емес» деді Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Бәрі ашық» жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.

«Егер «мұғалімдік жұмыс ауыр, қиын» десе, ондай ол адам бұл мамандыққа қателесіп келген деп есептеледі. Әрине, біз де мұғалімді жұмысынан тыс, керек емес жұмыспен жүктеу, мұғалімді негізсіз жазалау мәселесіне мен министр ретінде қарсымын.

Мысалы, Павлодар облысында, анық-қанығы анықталмай жатып, Қызылорда облысында мұғалім, директорларды жазалап жатқанын естіп, мен өзім бұлай болмайды деген пікірімді білдірдім.

Егер де қылмыс немесе басқа да жайсыз оқиға мектептің ішінде емес, сыртында өтіп жатса, онда ата-ана, басқа да жауапты кісілер бар емес пе? Неге біз барлық кінәні мұғалім мен директордан іздейміз?

Мұғалім мен директордың міндеті — мектеп ішінде тиісті білімі мен тәрбиесін беру. Бар кінәні мұғалім мен директорға аудару — білім саласында маңдай терін төккен адамдарға жасалған қиянат деп есептеймін», — деді министр Ғани Бейсембаев.

Фото интернеттен алынды.