Маймыл шешегі Қазақстанға да келді ме?

0
58

Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған деп мәлімдеді.

«Қазақстанда маймыл шешек ауруының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, сондай-ақ әкелу жағдайы тіркелген жоқ. Алдын алу мақсатында өткізу пунктерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді», – делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдемесінде.

Ведомство мәліметінше, жалған жарияланымда маймыл шешегіне дайындық бойынша ведомствоаралық жаттығулар өткізілген видео пайдаланылды.

«Дұрыс емес ақпарат тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар мен барлық азаматтарды ресми көздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Фото көрнекілік үшін алынды.