«Орамал үшін заң жүзінде күресеміз!» дейді Арман Байжігітұлы

0
200

ТикТок әлеуметтік желісінде Арман Байжігітұлы деген азаматтың орамал дауына байланысты видеосы шықты деп жазады Democrat.kz.

Арман Байжігітұлы: «Жақында ғана ҚМБД бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының мәлімдемесін көрген боларсыздар? Нақты нүктесін қойды.

Мектеп басшылығына өз кеңесімді бере кетейін. Ата заңымызда, ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес, мемлекеттің ең үлкен байлығы, ең басты қазынасы — адам өмірі мен оның бостандықтары, құқықтары, 19-бапта әр адам қандай дінге жатады, таңдауға құқылы.

Сіздер не себепті 75 пайыз өзін мұсылман санайтын қауым өкілдерінің, яғни ҚР тұрғындарының құқығын таптайсыздар? Нақтырақ айтсақ, орамалдағы қарындастарымыздың құқығын шектейсіздер.

Мәселен, шашын бояп, тырнағын бояған неше түрлі ЛГБТ сияқтыларға тегін білім алу құқығы қарастырылған. Ал біздің орамал тағатын, ар-ұятын сақтап жүрген қарындастарымызға тыйым салынған.

Бұл демократия ма, әлде «дермократия» ма?Біз мұны бұл жерде қалдырмаймыз. Міндетті түрде осы мәселе бойынша өз үнімізді жеткіземіз. Орамалдағы қарындастырымыздың құқығы үшін күресетін боламыз»,- деді.

Фото видеодан скринделіп алынды.