«Мен — «терпила», «заявщикпін»! дейді блогер (ВИДЕО)

0
486

ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында блогер Тұрсынбек Слямбеков маңызды видеомен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«Мен — «заявщикпін». Арыз жазам. «Терпиласың ба?» дейді. Маған бәрбір, айта берсін. Көшеде тып-тыныш кетіп бара жатқан мені тепкілеп кеттің. Маған енді не дейсің?» деген блогер бұл видеосында кез келген заңсыздық орын алған жағдайда «терпила», «заявщик» деген сөздерден қорықпай, тіке арыз жазу керегін айтты.

«Заң не үшін? Заң өз құқығыңды қорғау үшін. Полиция — адам құқығын қорғау үшін керек. Құқығым бұзылды деп арызданса, бізде «қатынсың» деп шығатындар бар. Олай болса, мен өз құқығын қорғаған «қатын» болайын. Қазір біреудің саусағының ұшы тисе, арыз жазам», — деген Тұрсынбек Слямбеков құқығын қорғап арыз жазудан ұялмауға шақырды.

Мәселені «еркекше шешудің» ақыры қайғылы жағдаймен бітіп жатқан қазіргі қоғамда расымен де, заңға жүгінуден ұялу — сауатсыздық болып табылады. Құқықтық сауаттты қоғамда ғана «Шерзат оқиғалары» біздегідей көп болмайды.

Фото видеодан скринделіп алынды.