Роман Скляр Екібастұзда ТЭЦ жағдайымен танысты

0
182

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарымен облыс әкімі Асайын Байханов жүрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сапар «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ аралаудан басталды. Мұнда вице-премьерге қыс мезгіліне дайындық және №3 және 4 энергоблоктардың құрылысы туралы баяндалды. Норма бойынша суық мезгілде қоймада 137 мың тонна көмір болуы тиіс. Жұмыс істеп тұрған екі энергоблоктың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Роман Скляр жаңа энергоблоктарды салу бойынша жабдықты жеткізушілермен барлық келіссөздер сәтті жүріп жатқанын растады. Сонымен бірге ол үшінші энергоблокты іске қосу ел экономикасы үшін аса маңызды екенін және оның құрылысын кейінге қалдыруға болмайтынын айтты.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы жылу беру маусымына дайындық туралы баяндап, жақында станцияның төрт энергоблогының тоқтап қалуына қатысты мәселе түсіндірілді.

Тұтынушылар зардап шекпеді, электр қуатын беру тоқтамады. Роман Скляр жағдайды мұқият талқылап, тәуекелдерді азайту үшін шаралар қабылдау керектігін еске салды.Жылу магистральдарын қайта құру жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы 1 ЖМ және 3 ЖМ жаңартылады, олардың жалпы ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды. 5 шілдеде арнайы жасақ құбырларды орнатуға кірісіп,  тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі 70 шақырымдық құбырларды ауыстыру бойынша жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстарының нәтижесінде өткен жылу беру маусымымен салыстырғанда шығын көлемі екі есеге азайғанын тілге тиек етті. Жаңа 7/1 ЖМ құрылысына ерекше назар аударылды, оның іске қосылуы қызмет көрсетілетін шағын аудандарды жылумен қамтуды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

ЖЭО-да үш қазандықтың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа жүзден астам жөндеуші жұмылдырылған.

– Жұмыс жүріп жатқанына сенімдімін, – деді Роман Скляр. – Бақылауды күшейту керек. Екібастұзда өткен жылыту маусымы жақсы өтті. Азаматтардан ешқандай шағым түскен жоқ.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Екібастұздағы 2022 жылғы жылыту маусымындағы жағдайды қысқаша еске түсіріп, облыс әкіміне ЖЭО-ны қайта жаңғыртуға қатысты сұрақтар бойынша жедел түрде хабарласуды ұсынды.«Богатырь Көмір» ЖШС көмір кенішінде кәсіпорын бас директорының міндетін атқарушы Мирхат Мұсанап көмір өндіру және тасымалдау технологияларындағы өзгерістер туралы айтты.

Циклдық-ағынды технология көмірді орташалау, конвейермен тасымалдау және ұсақтауға көшуге мүмкіндік береді.Сапар соңында Роман Скляр Энергетиков көшесі, 8-үйде орналасқан жаңа үйде болды. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин көпқабатты үйлер құрылысының қарқыны мен  кезекте тұрғандар – «Отбасы банк» салымшыларына пәтер беру нұсқалары туралы баяндады.