Өз күйеуін талақ етіп, жеті еркекке тиюге мәжбүр болған

0
602

Ақмарал Алмағамбетова сирия еліндегі, ИГИЛ экстремисттік тобының экс —мүшесі.(суретте) ИГИЛ әмірлерінің жақын адамы болғандықтан , сирияға діни ағыммен келген қыз—келіншектерді секс—жиһадқа мәжбүрлеушісі, секс—жиһад жезөкшелерінің жетекшісі болған екен.

2019 жылы, Жусан операциясы арқылы елге жеткізіліп, 5 жылға сотталған және 4 жыл, 4 ай елімізде түрмеде отырып, кәзір бостандыққа жүр…

Ақмарал ақтөбе қаласының тумасы, 17 жасында өз сыныптасына тұрмысқа шығып, 26 жасына дейін үш баланы өмірге әкеледі.

Ғаламтор арқылы діни уағыздар тыңдап, намаз оқи бастайды.

2013 жылы, Сирияда соғыс басталған кезде, ғаламторлық уағызшы—ұстаздарынан, сирияға аттану туралы бұйрық алады да, үш баласын, ең кішісі бір жасар сәбиін күйеуіне ұстатып, Қырғыз елі арқылы, Түркия жетіп, одан әрі Сирияға өтіп кетіпті.

Күйеуімен «шариғат жолы» «арқылы ажырасқан Ақмарал, Сирия жеріндегі 6 жыл ғұмырында, жеті рет күйеуге шығып, тағы екі бала туып алады.

Бір баласын дағыстандық лаңкестен туса, екіншісін азербайжандық терроршыдан туған екен.

Екеуі де оққа ұшқан.

Кейбір күйеулері соғыста өлсе, кейбірінен өзі қашып құтылып, келесі бір күйеуге шығуға мәжбүр болып отырыпты.

Сирияда жүріп,елге бірнеше рет хабарласып тұрған екен.

Жалғыз анасынан басқа, барлық тума—туысқаны, барша тамыр —таныстары бұдан теріс айналып кеткен.

Бірі төрт жасар, екіншісі екі жасар екі баласын жетектеп жүріп, Ақмарал сирия даласындағы бедуиндерді үш күн іздепті.

Төртінші күні иен даладан бір бедуинді кездестіргенде, оның аяғы тізерлей жығылып, түркия шекарасына дейін жеткізуін сұрайды.

Екі баласын жетектеген бейшара әйелді аяған бедуин, оны және бірнеше ондаған адамдарға жол көрсетіп, түркия шекарасына жақындатып әкеліпті….

Соғыс аймағынан қашып шыққан ол, қазақстан елшілігіне хабарласып, өзін құтқаруды, елге жеткізуді өтінеді.

2019 жылы екі баласымен елге әкелінген оны тұтқындап, бес жылға соттап жібереді де, сирияда туған екі баласын балалар үйіне өткізеді.

Он жыл ғұмырының алты жылын соғыста, төртеуін түрмеге беріп, кәзір бостандықта жүр.

2021 жылы, өзінен теріс айналмаған жалғыз адамы, яғни, анасы өмірден озыпты.

Анасынан қалған баспанасы бар, әйтеуір, басында.

Кәзір намаз оқымайды, орамалдан да аулақ жүруге шешім қабылдапты.

Діннен тапқан пайдасы сол, он жылда — өз күйеуін талақ етіп, жеті байға тиюге мәжбүр болыпты.

Кәзір жалғыз тұрады.

Бірінші некедегі үш баласы өз әкелерімен, ата—әжесімен тұрып жатса, сирияда туған екі баласы патронаттық тәрбиеде.

Енді, тұрмысқа шыққысы жоқ.

Бар арманы — балаларын кері қайтару және ең бірінші күйеуінен көзбе—көз кешірім сұрау!

Өте ауыр әрі аянышты тағдыр, иә?!

Не діннен, не пендеден жұбаныш таппаған сорлы әйелді табаламаймыз —ау.

Бірақ, көше толы шолақ балақтыларды көргенде, «» осыларға діннің не қажеті бар «» деген ой келеді.

Көздерінде өмір жоқ жүздеріне қарап отырып, барлығында аяйсың….

Олардың сеніп жүрген Құдайын да аяйсың.

Құдай жолындамын деп жүрген ғұмырларын да мүсіркейсің….

Суретте Ақмарал Алмағамбетова сирияға дейінгі және түрмеден кейінгі бейнесі.

Қайырғали СЫДИЫХҰЛЫ,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.