Жихад соғыстан оралған Нарғыздың шындығы

0
514

Құлдыққа түскен Нарғыз басынан кешкен оқиғасын жасырмай айтып берді деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

 Өзбекстан азаматы Нарғыз барлығы күйеуінің Қазақстанға ақша табам деп кетуінен басталғанын айтады. «Күйеуім Қазақстанда жүріп теріс діни ағымдармен байланысқа түскен. Кейінірек ол «әпкең екеуің Түркияға келіңдер» деп шақырды» деген ол Түркияға жиен сіңлісі және әпкесімен бірге барады.

Сирия шекарасынан өткен соң, өмірдің тозағын көргенін айтқан Нарғыз ол жақта 19 жасар жиен сіңлісін де әпкесін де содырлар қолдан-қолға өткізіп, жезөкшеге айналдырғанын жасырмайды. «Бізді қалаған еркек қалаған уақытында зорлады» дейді Нарғыз.

«Секс-жихадтан әрең дегенде қашып шығып, Сирия-Түркия шекарасын кесіп өттік. Түркия мемлекеті бізді бірден Өзбекстанға депортация жасады. Күйеуім дін соғысында өлтірілді. Жиен сіңлімнен көз жазып қалдық. Әлі күнге таба алмадық»,-деген Нарғыз өзбек түрмесіне қамауға алынған.

Фото видеодан скринделіп алынды.