«АЭС- салынуы керек» дейді білікті ұстаз

0
148

АЭС салу туралы ойымды жазғанмын. АЭС керек. Қанша жерден қауіпті болса да. Тез тұтанатын бензин құйылған машинамен де жүрміз ғой. Қорықсаң су құйып ал. Өртенбейді.

Қай жерге салу туралы … Екі жер бар. Каспий маңы мен Балхаш көлінің жаны. Каспийге салу үшін айналадағы бес елдің келісімі керек. Келісім бере ме ,бермей ме ? Ол да бір геморрой.

Балхаш ол өзіміздің ішкі көл. Ешкімнен рұхсат керегі жоқ. Алайда Балқашқа құятын өзендердің барлығы бастауын қытай жерінен алады.Олардың ішіндегі ең үлкені Іле.

Ол ағып келіп Қапшағайға құяды. Артығы Балқашқа кетеді. Балқаштан ары ақпайды да. Буға айналып кетеді. Ыңғайлы екі жерде де айттым ғой деймін. Арал, Амудария, Сырдарияның жағдайы белгілі. Олардан АЭС ке жарытып су шықпайды.

Су АЭСтің энергоблоктарын салқындату үшін керек екенін білетін шығарсыздар.

Кәзіргі ең ыңғайлысы Балқаш болып тұр.

Енді кім салу керек станцияны.?

АЭС кәріс машинасын шруповертпен жинайтын гараж емес. Біздің технология АЭС салуға әлеуеті жетпеген. Төрт ел салуға дайын. Франция, Оңтүстік Корея, Ресей,Қытай. Соңғы екеуі бізге қысым жасайтын мүмкіндігі бар.

Ресей логистика саласынан есесін қайыруы мүмкін. Европаға баратын жолдың барлығы ресей жерінен өтеді. Альтернативті жол деген ол әзірше қиял ғана.

Қытай ..Сол суларды азайтып тастаймын демесе. Су жоқ болса салынған АЭС ің кімге керек.? Қазақстан кәзір ауыр таңдау үстінде. Станция керек екені сөзсіз. Электр энергиясы кәзірдің өзінде тапшы. Алматыда кейде өшіп қалады.

Басқа жерді айтпағанда. Он жылдан кейін не болады ? Көмірді бықсытып отыратын заман емес. Газ ,ол сыртқа сататын жақсы товарымыз. Және ,пәлен жыл бойы сатамыз деген міндеттемеміз де бар.

Ол міндеттемені орындамасаң тағы бәлеге қаласың. Жел,күн энергиясы жыртығыңды жамауға шамасы жетпейді. Айтпақшы, еліміз уран өндіру жағынан алдыңғы орында. Уран АЭС-тің көмірі десе де болады. Неге пайдаланбасқа.

Кәзір күңкілдейміз ғой. Соншама мал соямыз, терісін қоқысқа тастаймыз деп. Былғары куртканы түріктен аламыз.Сол сияқты соншама уран өндіреміз, үйде шырағданмен отырмыз деп тоңқылдайтын шығармыз. «Кожанный куртка» кимесек те өлмеспіз. Ал арзан энергия керек.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.