«Мұсылман елдерінде геноцид болып кетпесін» дейді саясаттанушы

0
550

Башар Асад деген сұмпайының қолында жүз мыңдаған халықтың қаны бар. Жоо-жоқ, одан көп болмаса аз емес. Тағын қызғанып он жыл билігін бермей отырғанда миллиондаған халық одан жапа шекті.

Миллиондар — соғыста өлді, түрмеге қамалды, босқын болды.

Асадтың орыны жақсылықпен — Гаага, түрме, дар ағашы.

Басқаша жағдайда Каддафи сияқты көтенге күрек сабы.

Кәпірдің түрі де ұсқынсыз, ебедейсіз сұңқиып қалған біреу. Жыным келеді осы Асад дегенге.

Негізі Сирияның батысындағы Тартус, Латакия деген көне Византия қалаларында қаптаған алауиттер тұрады.

Мен дін маманы емеспін, білетінім алауиттер — шиғаның христианмен шатысқан бір тармағы, оларды араптар мұсылман емес, сектанттар деп таниды.

Ал Шам шаһары баяғыдан араптың өз қаласы.

Жалпы араптар 70 жылдары үлкен Асад билікке келгенде «Шам шаһарын сектанттар басып алды» деген болатын.

Содан бармақтары түюлі еді.

Енді бүгін араптар тойлап әбден өшетін болды.

Ал Латакия, Тартус деген өңірлерді кілең осы алауиттер мекен етеді, қателеспесем Сирияда 4- 5 млн алауиттер тұрады. Осы аймақ Асадтардың отаны.

Теңіз маңындағы адамзат қашанда ауқатты тұрған ғой, бұл алауиттер Сириядағы арап, күрт, друз бәрінен де тым жақсы тұрды. Тұрмыстары жайлы, шылқыған бай — тын.

50 жылдан астам елді биледі, одан әрі байыды.

Енді міне бүгін араптар билікке келді.

Енді араптар мамалатады оларды.

Жалпы Асадтың бүгінгі жеңілісі — соқырдың пілді сипағаны сияқты нәрсе ғой.

Баяғыда Сократ соқырларды жинап піл көріп келіңдер деп жіберсе, соқырлар пілден оралып біреуі «піл деген бөренедей болады екен», (бұл пілдің аяғын ұстаған соқыр екен), оған екіншісі «піл деген жыландай болады екен» депті, сөйтсе бұл байғұс мұрынын сипаса керек.

Сол сияқты әркім бүгінгі Сирияда өз көретінін көрді:

Демократиялық қауымдастық үшін — Асад жеңілді, демократия жеңді.

Украина үшін — путин жеңілді.

Арап үшін — алауиттер жеңілді.

Израиль үшін —өз жеңісім, бір жауымыздан құтылдық.

Түркия үшін — стратегиямыз жеңді, ықпалым артқалы отыр, босқындарын еліне қайтарам дегендей…

Газ алпауыттары үшін — газ транзиті жеңді.

Тағысын тағы…

Бір білетінім, ол жердегі алауиттерге қиын болады. Соны сезіп өздері де құдайына сыйынып отырған болар. Оларды араптар енді асады, «дұғада болайық», геноцид боп кетпесін.

Олжас ӘБІЛ, саясаттанушы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.