Башар Асадтың күйреуі — біраз елдің мазасын қашырды

0
107

Асад режимі құлапты! Бұл енді ресми мәлімдеме. Сөйтіп РФ-ның өлердей қорғаған бір досы тарих қойнына кетті.

Сонымен қатар Пальмира қаласы көтерілісшілер қолына өткен. Пальмира РФ үшін киелі көрінеді, өйткені онда православие дінінің киелі жерлері бар деп есептеледі екен. Кезінде Гергиев онда ашық аспан астында коцерт ұйымдастырыпты. Вагнер де кезінде екі рет шабуылмен алыпты.

Ең бастысы мұнда қару-жарағымен әскери база бар екен және авиабаза да бар дейді. Енді осы екі база да РФ үшін тю-тю болды. Бұл олар үшін тым ауыр шығын дейді.

Асад режимінің құлағаны АҚШ үшін жеңіс, өйткені Байден көтерілісшілерге қару-жарақпен көмектесіпті. Ердоған үшін де жеңіс, өйткені енді Түркиенің Сириядағы позициясы едәуір күшейеді. Израиль үшін де жеңіс, өйткені енді Иранның позициясы әлсірейді, РФ Хезболла мен Хамас тобына көмектесе алмайды, т.с.с.

Тек Трамптың ғана көңіл-күйі онша емес екен. Сириядағы соғыс біздікі емес, біз ол жерде болмауымыз керек депті. Украинаның қырсығынан РФ әлсіреді, әйтпесе Сирияны бермес еді дегендей қылыпты.

Хомс қаласы да алыныпты! Енді РФ-ның екі базасына — Хмеймим мен Тартустағы базаларға тікелей жол ашық!

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ, сарапшы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.