«Аллаһтың қалауына» шара бар ма?
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап!» деп Абай айта береді.
«Өз тағдырың өз қолыңда» деген қазақтікі де сандырақ.
Дұрысы: Бәрі Аллаһтың қалауымен.
Астанада 5 сәби Аллаһтың қалауымен өртенді.
12 жасар бүлдіршінді 35 жастағы азғын Аллаһтың қалауымен зорлады.
Қостанайдағы бас имам Аллаһтың қалауымен арақ ішті.
Өйткені әсіредіншілдердің жалғыз уәжі дұрыс.
Бәрі Аллаһтың қалауымен. Жапырақ та Аллаһтың қалауымен түседі. Оған күзде сарғайып қурағаны, желдің соғуы әсер етпейді.
Себебі бір ғана уәж бар әрі ол уәж дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома: Бәрі Аллаһтың қалауымен!
Менімен дауласып, Аллаһқа күпірлік келтіретін сен кімсің, астағфируллаһ!» деп жазды журналист Айдос Жұқанұлы өзінің Facebook парақшасында.
P.S. Күнә мен кінәні Аллаһқа аударып қойып, қылмыстың атасын жасап жүргендер бұл жазбадан бір ақыл түйсе, қанеки!?
Дүмшелердің түрлі иттікке емін-еркін баруына осынау бір «Аллаһтың қалауы»деген сөз түрткі болады.
Сонысымен Ислам дінін соншалықты қорлап, жеккөрінішті етіп жатқандарынан да хабарсыз. «Діннен қорқамыз десек, «шайтан ішіңе кірген, кәпірсің» дейтіні тағы бар. Аллаһтың қалауына шара бар ма өзі?
Фото интернеттен алынды.